Бұл жағдай аудандағы шенділерді дүрліктіріп, қызметтен босатулар басталды
Жамбыл облысында 11-ші сынып оқушысы өз-өзіне қол салды. 16 жастағы қыз бала өз қорасында асылып қалған, Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай аудандағы шенділерді дүрліктіріп, қызметтен босатулар басталды. Тұрар Рысқұлов мектебінде көктемде де осыған ұқсас жағдай болған. Онда 9-шы сынып оқушысы үйінде суицид жасаған екен. Осы екі оқиға білім бөлімі мен мектеп басшысына таяқ боп тиді. Бір емес, екі қайғылы жағдайдан кейін екеуі де қызметінен өз еркімен кетіпті. Білім ошағында әлі де тексеру жүріп жатыр. Ал қыздың неліктен бұл қадамға барғаны әзірге белгісіз.
«Мектепте сыныптастарымен, пән мұғалімдерімен, басқа да өзінің сынып жетекшісімен қарымқатынасы өте жақсы болған. Мектепте ешқандай кикілжің болған емес. Сабақ үлгерімі де жақсы болған», – дейді Т. Рысқұлов мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Элвира Ибраимова.
Дереккөз: КТК арнасы