Өскеменде лифтке қысылып қалған электрик қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам лифтке кіре бергенде есіктер бұғатталып қалған

Фото: ашық дереккөзден

Өскемендегі Ана мен бала орталығының қызметкері лифттің есігіне қысылып, жазатайым жағдайда қаза болды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Медициналық мекемеде электрик болып жұмыс істейтін азамат лифтке кіре бергенде есіктер бұғатталып қалған.

«Есік тарс жабылып, кіріп бара жатқан адамды қысып қалған. Лифт бірінші және екінші қабаттың ортасында тоқтап қалды. Қызмет көрсетуші компанияға шағым айттық. Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті оқиғаның мән-жайын анықтайды. Комиссия құрылды. Бұл өндірістегі жазатайым жағдай», – деді «Ана мен бала орталығының» директоры Ермек Омарбеков.