Ертіс ауданында жас қызды балағаттаған тұрғын бес тәулікке қамалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады 

Фото: ашық дереккөзден

Ертіс ауданының полициясына арызданған әйел 30 жастағы аудан тұрғыны мас күйінде кәмелетке толмаған қызының атына әдепсіз тіл тигізгеніне шағымданған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады, материал сотқа жіберілді", - деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.