Оның төртеуі – балалар
Орал қаласында көпқабатты үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5-қабаттағы 89-пәтерде жеке заттар мен жиһаздың жанып жатқаны анықталды. Үйден барлығы 25 адам шығарылса, соның төртеуі – балалар. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр.