Өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді бастады
СҚО аудандарының бірінің білім қызметкерлері аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған ноутбуктерді жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс аудандары әкімдіктерінің біріндегі білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан аудан мектептерінің оқушылары үшін Білім басқармасымен ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен сатып алынған ноутбуктердің бір бөлігін ұрлады деген күдікке ілінді.
Жасалған қылмыстан мемлекетке келтірілген залал құны 12 млн теңгеден асты.
Қалған мән-жайлар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданады.