4 млрд теңге: Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде

4 млрд теңге: Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды

Қарағандыда қылмыстық топтың мүшелері қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұйымдасқан қылмыстық топ үш жыл ішінде 4 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз түрде айналдырған. Заңсыз схемаға бақылаудағы 6 жалған компания тартылған.       

Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілді.       

Тінту кезінде 6 млн астам теңге, банк карталары («Forte Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Каспий Банк» АҚ, «RBK Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ), бухгалтерлік құжаттар және компаниялар мөрлері табылып, тәркіленді.       

Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ құру және жалған шот-фактураларды заңсыз ресімдеу фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.        

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.