Атырауда түнгі уақытта көшеде жүрген 17 жасөспірім ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді

Фото: pixabay.com

Атырау полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шара кезінде, түнгі сағат 23:00 кейін, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тыс жерде жүрген 17 жасөспірім анықталып, жасөспірімнің заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде тұрғын-жайдан тыс болуы) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

«Бұдан өзге, 2021 жылдың 19 наурыз күні ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен ІІО-ның жайсыз отбасы есебінде тұратын отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізіп, мекенжайларды тексеру барысында, жасөспірім балаларының көзінше алкогольдік ішімдік ішкен азаматша анықталып, сол ата-анаға қатысты кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған 1 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін іс-құжаттар сотқа жолданды», - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері күшейтілген мерзімде қызмет атқаруына байланысты, «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасын әлі де жалғастырады.