Елорда жолдарындағы жағдай тұрақталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте астана жолдарында 75 жол көлік оқиғасы тіркелген

tengrinews.kz

23 наурызда елордадағы қолайсыз ауа райы жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді. Толассыз жауған қар мен дауылды жел автокөлік жолдарын жауып қалса, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы мүлдем қиындап кетті.

Бұл күні астаналық полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жол қауіпсіздігін сақтауға жаппай жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары қарға тығылған көліктерді алып шығып, жол көлік оқиғаларының басынан табылды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 23 наурызда Нұр-Сұлтанда 75 жол көлік оқиғасы тіркелген.