$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2021, 05:48
Оқиғалар

Ресейдегі қар көшкіні салдарынан бір бала қайтыс болды

Құтқарушылар өзге балаларды қар құрсауынан шығарып алу үшін үздіксіз жұмыс істеп жатыр

Ресейдегі қар көшкіні салдарынан бір бала қайтыс болды
Фото: РИА Новости

Ресейдің Мурманск облысында бір топ туристпен бірге тауға шыққан 12 жастағы қыз бала қар көшкінінің астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

22 қаңтар күні Хибин таулары етегінде орналасқан Имандра ауылы маңында қар көшкіні болған. Бұл уақытта сол маңда Санкт-Петербургтен келген 16 турист – үш ересек адам мен 13 жасөспірім жүрген.  

Ресейлік Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2008 жылғы қыз бала қалың қар астында қалған. Құтқарушылар жасөспірімді қар астынан аршып алғанымен, оны өлім аузынан құтқарып қалу мүмкін болмаған.  

Қазіргі уақытта Тергеу комитеті «Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай емес, аңдаусызда адам өліміне әкелген қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.  

Мурманск облысының губернаторы Андрей Чибис «ВКонтакте» желісіндегі парақшасында өзге туристердің байланысқа шыққанын хабарлады. 

«Санкт-Петербургтен келген шаңғышылар Маннепакх аумағында қар көшкініне тап болған. Олармен бірге болған үш жасөспірімді қар басып қалған. Құтқарушылар олардың екеуін қар астынан жылдам шығарып алды, ал бір қыз баланы ұзақ іздеп жүріп қалды, өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады. Қазір ең бастысы, аман қалған өзге балаларды қар құрсауынан жылдам шығарып алу керек. Оларға жету үшін құтқарушылар үздіксіз жұмыс істеп жатыр», - деп жазды шенеунік. 

Серіктес жаңалықтары