Қайғылы оқиға «Нұрлы тау» БО-да болған
Алматыда ер адам 12-қабаттан секіріп, өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Оқиға орнында полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 48 жастағы азамат жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Бостандық ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
«Қайтыс болған азаматтың кім екені анықталды. Ол 1971 жылы туған ер адам. Алдын ала мәлімет бойынша, бизнес - орталықтың 12 қабатынан секірген», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы