Күдікті хабарлама жіберген қала мектептерінің ешқайсынан жарылғыш зат табылған жоқ
Алматы полициясы белгісіз біреудің бірнеше мектепке жарылғыш зат қойғаны туралы хабарламасына қатысты түсініктеме берді. Қазір саперлер күдіктінің хабарламасы келген барлық 34 мектеп ғимаратын тексеріп шықты. Алайда, саперлер тексеріп шыққан мектеп ғимараттарының ешқайсынан жарылғыш зат табылған жоқ.
Еске сала кетейік, өткен түнде белгісіз біреу мектептердің электронды поштасына ақша бермеген жағдайда білім ордасын жарып жіберетіні туралы хабарлама жолдаған. Таңертең мұндай хабарлама 12 мектепке жіберілгені, олардың саны 34-ке жеткені хабарланды.
Полиция департаменті баспасөз қызметіні тәртіп сақшыларын әбігерге салған күдіктіні іздестіруін әлі жалғастыруда.