Алматыда белгісіз адам 12 мектепті «миналаған»

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта саперлер бұл ғимараттарды тексеріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда белгісіз адам 12 мектепті «миналаған», деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы қаскөйдің білім беру мекемесінің электрондық поштасына ақша аударуды сұраған хатынан белгілі болды. Ақша аудармаған жағдайда ол мектептің ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытқан.

Қазіргі кезде саперлер бұл ғимараттарды тексеріп жатыр.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жасырын адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.