19.03.2021, 04:47
Оқиғалар
Атырауда жеңіл көлік өзенге батып кетті
Ол өзен арқылы көлікпен өтпек болған
Фото: баспасөз қызметінен
Атырауда тағы бір жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ВАЗ 2115» маркалы көлігінің жүргізушісі Алмалы ауылының тұсынан Жайық өзені арқылы Бесікті елдімекеніне өтпек болған. Алайда, өзен мұзы ойылып, көлік суға батып кеткен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының 7 сүңгуір құтқарушысы жетті. Олар 16 метр тереңдікке батқан көлікке арқанды бекітті. Содан соң су астындағы көлік жүк тиегіш трактормен жағаға шығарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты