Олардың арасында үш бала бар
Атырау облысында полиция қызметкерлері өртенген үйден 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінде тұрғын үйдің бірінен өрт шыққан. Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, өртенген үйден 4 ересек адам мен 3 баланы құтқарды», - деп жазылған хабарламада.