Теміртауда дүкен тонамақ болған қаскөй қылмыс үстінде ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Дүкеншінің айтуынша, кассада 65 мың теңге ақша болған

 

Теміртау қаласында дүкен тонамақ болған азамат қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына белгісіз біреудің сауда орнында сатушымен жанжалдасып жатқаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сол жерге жақын маңдағы қалалық Полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының нараяды жіберілді.

«Полиция қызметкерлерінің оқиға орнына жылдам жетуінің арқасында қаскөй дүкен кассасын тонап кетпекші болған әрекетін жүзеге асыра алмады. Дүкеншінің айтуынша, сол кезде кассада 65 мың теңге ақша болған», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы арқылы 191-бабына (Тонауға оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.