Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіндегілер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді
Әлеуметтік желіде түрмеде жазасын өтеп жатқан 400 адамның босатылып шыққаны және олардың бәрі қалада емін-еркін жүргені туралы хабарлама тарады.
Хабарламада айтылғандай, олар (түрмеден шыққандар) өздерін «кілем тазалаушы» ретінде таныстырады екен.
«Оларды қарапайым адамдардан ажырату қиын, ойында не барын да білмейсің. Сақ болыңыздар!», - делінген жазбада.
Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіндегілер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын ескертті.