Елордада 32 жастағы әйел үйдің бесінші қабатынан секіріп өлді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

фото: t.me/astanovka98/3346

10 наурыз сағат 11:17-де Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне Керей, Жәнібек хандар көшесінде әйелдің мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Полиция өкілдері 32 жастағы әйелдің 5-қабаттың балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсағанын анықтады.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Кейбір ашық дереккөздерде марқұмның мәйіті елордадағы «Гүлістан» тұрғын үй кешені жанынан (Керей, Жәнібек хандар 11) табылғаны айтылған.