Шымкентте 60 адамға той жасаған тұрғын жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тойға жиналғандар санитарлық нормаларды сақтамаған

Шымкентте 60 адамға той жасаған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны шектеу шараларына қарамастан қыз ұзату тойын жасаған. Ол үйіне 60-қа жуық қонақ шақырған. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тойға жиналғандардың санитарлық нормаларды сақтамағанын анықтады. Үй иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материал Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Қазіргі уақытта мониторинг тобы дамылсыз жұмыс жасап жатыр. Олардың құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілі және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары кіреді.