ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Қызылорда тұрғынынан жарты келіге жуық марихуана табылды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Қызылордада полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 наурыз күні жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Қармақшы ауданының аумағы арқылы өтетін “Самара-Шымкент” тас жолының бойында Қызылорда облысы ПД қызметкерлері “ВАЗ-2115” маркалы автокөлікті тоқтатқан. 

Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші автокөліктің алдыңғы терезесінен полиэтилен пакетке салынған затты лақтырып жіберген. Тексеру барысында пакеттің ішінде жасыл түсті, ерекше иісі бар зат бар екені анықталды. Өткізілген сараптама қорытындысына сәйкес, оқиға орнынан табылған зат – жалпы салмағы 464,84 гр кептірілген марихуана болып шықты. Көлік тізгінінде Қызылорда қаласының 40 жастағы тұрғыны отырған.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.