Ресейден арзан автокөлік айдап әкелуге уәде берген алаяқ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

38 жастағы ер адам өз қылмысын мойындады

Фото: ашық дереккөзден

Ресейден арзан автокөлік айдап әкелуге уәде берген семейлік тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 2020 жылдың желтоқсан айының басында 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, бейтаныс жігіттің алаяқтықпен ақшасын иемденіп кеткенін айтады. Белгілі болғандай, қаскүнем жәбірленушіге Ресей Федерациясынан «Land Cruzer» автокөлігін нарықтық бағадан төмен бағаға айдап акелуге уәде берген. Нәтижесінде, алданған ер адам алаяққа 2 800 000 теңгені санап берген.

Жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 38 жастағы ер адам ұсталып, өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.