$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.03.2021, 11:31
Оқиғалар

Мереке күндері қар құрсауында қалған 763 адам құтқарылды

Олардың арасында 95 бала бар

Мереке күндері қар құрсауында қалған 763 адам құтқарылды
Фото: ашық дереккөзден

Демалыс және мереке күндері автожолдарда 185 бірлік техника шығарылып, 763 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 5-8 наурыз аралығында ТЖМ аумақтық бөлімшелері республика автожолдарында қар құрсауында қалған 185 бірлік техниканы шығарып, 763 адамды, оның ішінде 95 бала мен 2 шетел азаматын құтқарып, эвакуациялады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 8 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, СҚО және Маңғыстау) дауылды ескерту жарияланды.

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб бар. Осындай штабтар Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, СҚО, ШҚО-да жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 7 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі және 60 облыстық маңызы бар учаске жабылды. Бұл - Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 842 адам және 513 бірлік техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары