Алматыда Mercedes жүргізушісі әйелді қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші іздестіріліп жатыр

Фото: sputniknews.kz

Алматы қаласында Іле тас жолының 70-ші айналымнан төмен жерінде адам өліміне әкеп соққан жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын-ала болжам бойынша, S-класстағы Mercedes автөлкөлігі Іле тас жолымен солтүстік бағытқа қарай қозғалып бара жатқан. 70-ші айналымнан төмен қарай белгіленбеген жерде жолды қиып өтпек болған әйелді көлік қағып кетеді. Одан кейін жүргізуші ізін суытқан. 

Жол көлік оқиғасынан ауыр жарақаттар алған 1976 жылғы әйел жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмды.

Апат болған жерде полиция қызметкерлері, криминалистер мен тергеушілер жұмыс істеуде. Қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде.