Ақтөбе облысында зорланғаны туралы жалған шағым түсірген әйел сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Келіншек өзін танысы зорлағанын айтып шағымданған

 

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысына қарасты Алға қаласының 20 жастағы тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің «Жалған шағым түсіру» бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. 

Сот келіншекке зорланғаны туралы жалған шағым түсіргені үшін үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол өзін танысы зорлағанын айтып, шағымданған. Алайда полиция қызметкердері зорлау дерегінің болмағанын анықтаған. 

«Сотталушының үш жасар қызы болуына байланысты, сот жаза мерзімін бес жылға шегерді», - делінген хабарламада.