Қарағандыда тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті өз кінәсін мойындады

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінен 36 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 наурыз күні қаладағы Университетская көшесінде орналасқан үйлердің бірінен 36 жастағы ер адамның денесі табылды, оны өлтіріп кеткен.

«Аталған факт бойынша, ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру жұмыстарының барысында күдікті ізі суымай қолға түсті. Ол осы қаланың 33 жастағы тұрғыны. Күдікті мен ол өлтірген адамның бірге отырып, пәтерде спиртті ішімдік ішкені анықталды. Артынан екеуінің арасында жанжал шығып, күдікті бөтелкелесін өлтіргенін мойындады», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.