Полицейлер көп ұзамай 25 жастағы күдіктіні қолға түсірді
Атыраулық полицейлер микронесие ұйымының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 наурыз күні сағат 10:45 шамасында 102 операторына Атырау қаласы Вокзал маңы ышқамауданында орналасқан микронесие ұйымы кеңсесінің кассирі медициналық бетперде киген белгісіз азаматтың 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткені туралы хабарлама берген.
«Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 192-бабы 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.