Оқиға 2 желтоқсанда облыс орталығының 12А шағынауданында болған
Ақтауда жүкті әйел мен екі жасар қыз баланы көлік қағып кетті, олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2 желтоқсанда облыс орталығының 12А шағынауданындағы «Арман» дүкенінің жанында болған.
«Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылды. Бас-сүйек жарақатын алып, миы шайқалған бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізілді. 24 жастағы, айы-күні жақындап қалған жүкті келіншек те осындай жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.