$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2021, 11:44
Оқиғалар

«Тендерді жеңуге көмектесем»: Ақтөбеде алаяқ әйел кәсіпкерді алдап, 14 миллион теңгесін иемденген

Бүгінгі таңда күдіктінің үш адамды алдағаны анықталды

«Тендерді жеңуге көмектесем»: Ақтөбеде алаяқ әйел кәсіпкерді алдап, 14 миллион теңгесін иемденген

Ақтөбедегі алаяқ әйел тендерді жеңіп алуға көмектесуге уәде беріп, 14 миллион теңгені иемдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліміне 42 жастағы кәсіпкер осы жылдың қаңтар айының соңында таныс емес әйел тендер ұтысына көмектесемін деп алдап, 14 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені туралы өтінішпен жүгінді.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады.

Күдікті жасаған әрекетін мойындады. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдіктінің айла-амалдарына үш жәбірленуші түскені анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ұсталған азамат тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған азаматтардан полицияға жүгінуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары