ШұғылЖыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шеккен

Ақмола облысында шахта опырылып, екі адам зардап шекті

Екі ер адам ауыр жағдайда 100 метр тереңнен табылды

Фото: баспасөз қызметінен

 

Ақмола облысында «Айна - ресурс» ЖШС шахтасында тау-кен массасы опырылды. Осы сәтте жер астында екі адам болған. Екеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үйінді астында 1990 және 1991 жылғы екі ер адам қалып қойғаны хабарланды. Қазір екеуі де Астрахан аудандық ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Тау-кен массасы опырылғаны туралы хабарлама құтқарушыларға түнгі сағат үш шамасында түскен.

«Екі ер адам ауыр жағдайда 100 метр тереңнен табылды. Құтқарушылар тобы келгенше оларды басқа кеншілер құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Оқиға болған жерге жедел жәрдем келіп, жарақат алғандарды ауруханаға жеткізд», - деді Астрахан аудандық Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Аят Сералиев.