Қостанай облысында екі зейнеткерді өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды
Күдіктілер зейнеткерлерді тонамақ болған
Қостанай облысындағы ауылдардың бірінен екі зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапп.
«1 наурыз күні Алтынсарин ауданының Щербаково ауылындағы жеке үйден 84 жастағы ер адамның және 75 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 31 және 32 жастағы күдіктілер анықталып, ұсталды. Олардың бірі зардап шеккендерді жақсы білетін болып шықты», - деп хабарлады полициядан.
Күдіктілер облыс орталығынан ауылға зейнеткерлерді тонау мақсатында келген. Ақша талап еткен ер адамдар зейнеткерлерді пышақтап кеткен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.