ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Түркістан облысының полицейлері жылқышыдан есірткі затын тәркіледі

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Түркістан облысының полицейлері жылқышыдан есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Бұған дейін Бәйдібек АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінде есірткі заттарын сақтайтыны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Осыдан соң полицейлер күмәнді орындарды назарда ұстап, тексеру жұмыстарын жүргізе бастады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Бәйдібек АПБ-ның полицейлері аудандағы жылқы бағатын жылқышыны күдікті ретінде ұстады.

Яғни Ақбастау ауылынан 10 шақырым жердегі мал қораны тінту кезінде жедел уәкілдер қора жанында орналасқан сарайдан есірткі затына ұқсас сіріңке қорабына салынған өсімдік тектес затты тауып, тәркіледі. Тәркіленген заттай дәлелдемелерді тәртіп сақшылары тиісті сараптамаға жіберді. Оның қорытындысы бойынша сіріңке қорабында салмағы 1 грамнан асатын “кептірілген марихуана” сақталғаны анықталды.

Аталған жайт Бәйдібек АПБ-ның қызметкерлерімен СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта жылқышыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.