03.03.2021, 09:38
Оқиғалар
Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Фото: Павлодар облыстық ТЖД
Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Сағат 13.04-те №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Астана көшесі, 23Б мекенжайы бойынша вагонның жанғаны туралы хабарлама түсті. Шақыру орнына 2-МӨСБ және 6-ӨСБ күштері мен құралдары жіберілді», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Оқиға орнына келгеннен кейін «Екібастұз мотор-вагон депосы» ЖШС ашық аумағында теміржол жолдарында жалпы ауданы 73 шаршы метр металдан жасалған жолаушылар вагонының жанғыш құрылымдары толығымен жанып кеткені анықталды.
Өртте 2-МӨСБ және 6-ӨСБ жеке құрамынан 10 адам, 3 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды