Мұнымен қоймай дәрігерді балағаттаған
Алматы облысындағы Талғар аудандық ауруханасында сұмдық жағдай! Медициналық мекемеге ем қабылдауға келген науқастың, туысы дәрігерді аяусыз соққыға жыққан. Мұнымен қоймай дәрігерде балағаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Оқыс жағдай ақпанның 27-сінен 28-не қараған түні болған. Ауруханаға «соқырішек» диагнозымен түскен келіншектің ұлы науқасты қабылдаған хирургты ұрып жіберген.
«Соқырішек» диагозымен ауруханамыздың қабылдау бөліміне әйел адам түсті. Хирург-дәрігеріміз науқасты толық қарап, олардан гинекологты күте тұруын өтінген. Сол сәтте, келіншектің ұлы емдеу процесіне араласып, әдепсіз сөйлеп хирургтың басынан ұрып жіберген», - деді Талғар аудандық ауруханасы баспасөз қызметінің өкілі.
Қатты соққыдан 31 жастағы дәрігердің миы шайқалған. Қазір ол травматалогиялық бөлімде ем қабылдап жүр.