Қызылордада мас жүргізуші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
 

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 ақпаны күні түнде Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті басқарып келе жатқан облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған азамат 2018 жылғы 17 мамырда 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.