Ол бұған дейін түрмеден де қашқан
15 ақпанда Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кеткен 1987 жылғы сотталушы Дамир Давутов ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растаған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, сотталушы 28 ақпанда Ақтөбеде ұсталған.
Бұған дейін хабарланғандай, тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам бұрын да бірнеше рет сотталған. Соңғы рет ол ұрлық пен алаяқтық үшін айыпталып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы қашып кеткен мекемеге тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылған.