Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Оралда тұрғын үйде уытты газдан уланған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 26 ақпан күні Меловые горки кентінде болды. Сағат 03.10-да 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Диагнозы: көмірқышқыл газына улану. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді», - деді ведомстводан.