ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Алматыда қоймалардың бірі өртенді

Зардап шекккендер жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 28 ақпанында сағат 11:16-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар министрлігіне Алмалы ауданы, Мақатаев және Мұратбаев көшесі қиылысындағы нысанда өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Өрт шыққан жерге оңтүстік және солтүстік екі өрт сөндіру учаскесі қызметкерлері жұмылдырылды. Автоцистерналар өрт гидрантына орнатылып, нысаннан төрт оттегі баллоны эвакуацияланды.

«Өрт шыққан жерде қатты түтіндеу және жоғары темпетартура болуына байланысты газ-түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тыныс алу және көру мүшесін қорғау құралдарын қолданып жұмыс істеді. 20 минут ішінде өрт оқшауланды. 60-тан аса өрт сөндіруші, 15 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Тегтер: