27.02.2021, 23:56
Оқиғалар
Алматыда жол апатынан 5 адам зардап шекті
Қалада автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты,зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында №12 қалалық автобусы «Volkswagen» және «Hyundai» көліктерімен соқтығысқан. Жол-көлік апатынан бес адам зардап шекті. Үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр», - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері оқиға орнында апаттың себептерін анықтап жатыр.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды