Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан сауна қызметкері анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол келушілерге жеңіл жүрісті қыз ұсынып отырған

Фото: polisia.kz

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың бірінде 39 жастағы сауна әкімшісі пайдакүнемдік мақсатта келушілерге жеңіл жүрісті қыз ұсынып отырған», - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.