03.12.2019, 09:13
Оқиғалар
Қызылордада автобус аударылып, 7 адам қаза тапты
Алдын ала мәлімет бойынша, 22 жолаушы зардап шеккен
Фото: ТЖК
Қызылорда облысындап болған жол апатынан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Нұрахметовтің хабарлауынша, Қызылорда облысында 50 адам мінген автобус аударылып кеткен. Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус жолдан шығып кеткен.
Оқиға бүгін таңғы сағат 05:25-те болған.
Апат болған жерде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды