Машинасына адамды тіркеп сүйреген Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған жолаушылар тасымалы ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар қаласының Instagram-пабликтерінде ВАЗ-21140 автокөлігіне адамды арқанмен тіркеп алып сүйреген видеожазба тарады. Полицейлер тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 жастағы жүргізушіге жол қозғалысы мен жолаушылар тасымалы ережесін бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.