«10 миллион теңге несие алып беремін» деп жәбірленушінің сеніміне кірген әйел кейін қашып кеткен
Қызылордалық полицейлер жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, құны 400 мың теңге тұратын телефонды несиеге алғызған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны арызданды.
«Жәбірленушінің айтуы бойынша, 2020 жылдың қазан айында белгісіз әйел «10 миллион теңге көлемінде несие алып беремін» деп сеніміне кірген. Осылайша, ол жәбірленушіге алдау жолымен «Актив» орталығынан «Айфон-11» маркалы ұялы телефонын несиеге алдыртып, 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Зардап шегуші көп ұзамай-ақ алаяқтың құрбанына айналғанын түсінген», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасады күдікпен 44 жастағы әйел адам ұсталды.
Қазіргі таңда күдікті өзінің іс-әрекеттерін толық мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда.