Қарағандылық жас балуанға онкологиялық диагноз қойылды
Қатерлі дертке шалдыққан 20 жастағы спортшы Қазақстан халқынан көмек сұрайды
Грек-рим күресінен спорт шеберіне кандидат 20 жастағы қарағандылық Ерлік Қапышевке төртінші кезеңдегі қатерлі ісік диагнозы қойылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz басылымына сілтеме жасап.
Былтыр желтоқсанда Қарағанды клиникаларының бірінде жас спортшыға көңіл көншітпейтін диагноз қойылған екен.
«2020 жылдың желтоқсан айында маған өкпенің жоғарғы бөлігінің қатерлі ісік ауруы диагнозы қойылды. Өкпе онкологиясы. Қарағандыда амбулаториялық ем қабылдадым. Қазіргі уақытта томотерапиялық емдеуді Нұр-Сұлтан қаласындағы Ymit орталығында бастағым келеді. Бүкіл отбасымызбен онкологиямен күресудің басқа жолдарын іздеп жатырмыз», - деп жазды Ерлік Инстаграм-парақшасында.
Ол жазбасына медициналық қорытынды көшірмесін жариялаған.
Бірақ ауруға қарамастан, Ерлік қамқор адамдардың көмегі мен спорттық мінезі ауруды жеңуге көмектеседі деп үміттенеді.
«Мен мықтымын және айығып кететініме сенімдімін. Өмір бойы спортпен шұғылдандым, салауатты өмір салтын ұстандым. Ешқашан темекі шекпедім немесе ішпедім. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды. Жалғыз емес екенімді, мені қолдайтын адамдар барын білу маңызды. Отбасымыз өмірдің қиын кезеңін бастан өткеріп жатыр. Бұл мені аздап қаймықтырды, бірақ мен онымен күресемін. Мен өз өмірім үшін және ерте сауығу үшін күресті жалғастырамын», - деп жазды жас спортшы Instagram-дағы келесі жазбаларында.
Ерлік Капышевке аурумен күресуге көмектескісі келетіндер Kaspi Gold картасына ақша аудара алады: 4400 4301 4791 7477. Байланыс нөмірлері: +77086410153 (Ерлік Капышев), +77715696794 (Ерліктің қалыңдығы Айжан). Спортшы емдеу курсы туралы бейнеесептер жариялауға уәде берді.