Петропавлда болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел тергеу тобы құрылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавлда көп қабатты үйде болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпқабатты үйдегі жарылысқа байланысты «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел тергеу тобы құрылды. Жарылыстың неден болғанын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің тергелу барысы облыс прокурорының бақылауында болады», - делінген баспасөз хабарламасында.