Олардың екеуі 2 және 5 жастағы балалар
Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 6 адам, оның ішінде 2 бала зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Омбы-Майқапшағай-Тасбастау-Ақжар» тасжолының 33-шақырымында LADA автокөлігінің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығын ескермей қарсы бағытқа шығып, КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен бес жолаушы зардап шекті. Оның екеуі 2 және 5 жастағы балалар. Барлығы Зайсан аудандық орталық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.