Қызылордада тұрғын үй өртеніп, алты айлық нәресте көз жұмды

27 жастағы әйел 4 қызын терезеден шығарып үлгенген

Қызылордада тұрғын үй өртеніп, алты айлық нәресте көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында көпбалалы отбасы жалдап келген шағын баспана өртеніп кетті. Анасы 4 қызын терезеден шығарып үлгенгенмен, бесіктегі бесіншісін шығара алмапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Өрт түнгі сағат бірлер шамасында болған. Үйде 27 жастағы анасы бес қызымен ұйықтап жатқан. Ал отағасы жұмыс барасымен іссапарға кеткен. Жанұшыра айқайлаған дауысқа бірінші болып көршілер көмекке келген. Іштегі ана төрт баласын терезенден шығарып үлгергенмен, бесіктегі бөбегіне көмек бере алмапты. 

«Барсақ өрт лаулап кетіпті. Бес қызы, күйеуі бар келіншек еді. Баланың төртеуін алып шығып үлгерген. Біреуін шығара алмады. Іште қалған бала алты айлық, бесікте жатқан бала. Сол бесікті алуға шамасы келмей қалған», - дейді көршісі Гүлзат Мерейова.

Қазір анасы мен кішкентай қыздар дәрігерлердің бақылауында. Ақ халаттылар қауіп жоқ деді. Дегенмен улану дерегі бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.