Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото: ашық дереккөзден

Қызылордалық полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген бір азамат анықталды. 16 ақпан күні облыс орталығының сауналарының бірінің 24 жастағы меңгерушісі пайда табу мақсатында саунаға келген тұтынушыға жеңіл жүрісті қызды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309 бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.