18.02.2021, 00:59
Оқиғалар
Алматыда өртенген үйден бір адамның денесі табылды
Екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер жанып кеткен
Фото: баспасөз қызметінен
Алматыда өртенген үйден бір адамның денесі табылды. Өрт 16 ақпан күні Алмалы ауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілер келгенде екі қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтер жанып жатқан. Бұл кезде 1988 жылы туған ер адам терезеден көмек сұрап, секіруге дайын тұрыпты. Өрт сөндірушілер оны саты арқылы жерге түсірген», - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіру барысында әйелдің денесі табылған. Болжам бойынша өрттің шығуына үйде шылым шегу себеп болған.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды