Алматыдағы «Домиллион» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Орталықтағы жиһаздар қоймасы өртенді

Фото: баспасөз қызметінен

Алматыдағы «Домиллион» сауда ойын-сауық орталығындағы жиһаздар қоймасы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қаласы ТЖД сілтеме жасап.

«Алматы қаласы ТЖД күштері оқиға орнына келгенде, ғимараттың ішіндегі қоймалар түтінге толы болған. Қоймадағы жиһазға арналған жинақтауыштар жанған», - делінген хабараламада. 

50 шаршыметрді шарпыған өртті сөндіру және түтінді жоюдың автоматты жүйесі дер кезінде іске қосылып, жалынның таралуына жол берілмеген. Өртті сөндіруге 79 адам жұмылдырылған.

Тегтер: