13.02.2021, 22:48
Оқиғалар
Шымкентте қараусыз қалған ғимарат опырылып, үш адам қаза тапты
Ғимарат «Ордабасы» индустриалды аймағында орналасқан
Фото: баспасөз қызметінен
Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағындағы бес қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлап, ішінде жүрген үш адамды басып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қапал батыр тас жолында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағында жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайтын ғимарат қараусыз қалған. Бес қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлаған. Үйінділердің астынан 1967 ж.т., 1992 ж. т. және 1999 ж. т. 3 ер адамның денесі табылған», - деп жазылған хабарламада.
Құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты