Ақтауда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

36 және 40 жастағы екі күдікті екі тәуліктен соң қолға түсті

Ақтауда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Ақтау қаласында азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 9 ақпанда сағат 23.15 -те Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» пультіне 63 жастағы қала тұрғыны хабарласып, сағат 23.00-де белгісіз біреулердің «Адиля» дүкеніне баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқытып, «Ричмонд» және «Парламент» маркалы 85 қорап темекі мен 80 000 теңге сомасындағы ақшаны тартып алып кеткені туралы шағымданған.

«Жедел уәкілдер екі тәулік бойы өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 және 40 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай айғақтар, атап айтқанда, «Ричмонд» және «Парламент» маркалы темекілер мен ақша қаражаты алынды», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабымен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер Ақтау қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.